«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ «1 наурыз Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпары 01.03.2018ж

Дата: 2018-03-03 16:06:25
 «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ  «1 наурыз  Алғыс  айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар  ақпары 01.03.2018ж

        Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.Осы орайда  мектебімізде іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді. Мектеп кітапханасында «Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан халқының бірлігінде» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып,оқушыларға таныстырылды. 1-11 сыныптарда «Алғыс айта білейік!», «Татулық-бірлік бастауы» тақырыптарында  сынып сағаттары өткізілді. 5-6сыныптарда «Достық және мейірімділік әлеміне  саяхат»тақырыбында  ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып өткізілді.
     7-8 сыныптарда «Бауырмалдылықты сезіне білдік» атты  дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек  үстелде  оқушылар Қазақстанда  тұрып жатқан  ұлт өкілдерімен  татулықтың  жоғары  екендігі  айтыла отырып, бір-біріне деген  алғыстарын ,тілектерін айтты.4а,ә сыныптарында «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» тақырыбында  интеллектуалды ойын өткізілді. Мектептің бірінші қабатында  апта бойы «Сенің болашағың , менің елім ,менің Қазақстаным!»тақырыбында  бейне фильм көрсетілді. Дене  шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  1-3 сыныптар аралығында «Алғыс айту күні -  мейірімділік, жарқындық мейрамы»атта спорттық жарыстар  өткізілді. «Алғыс айту және  ризашылық» тақырыбында акция ұйымдастырылып жалғасытырылуда.Мерекелік іс-шара жоспар бойынша өткізіліп,мектептің сайтына ақпарат салынды.

 

Автор: №5 ОМ