«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ «1 наурыз Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпары 01.03.2018ж
Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.Осы орайда мектебімізде іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді. Мектеп кітапханасында «Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан халқының бірлігінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,оқушыларға таныстырылды. 1-11 сыныптарда «Алғыс айта білейік!», «Татулық-бірлік бастауы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 5-6сыныптарда «Достық және мейірімділік әлеміне саяхат»тақырыбында ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып өткізілді.
7-8 сыныптарда «Бауырмалдылықты сезіне білдік» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелде оқушылар Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдерімен татулықтың жоғары екендігі айтыла отырып, бір-біріне деген алғыстарын ,тілектерін айтты.4а,ә сыныптарында «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Мектептің бірінші қабатында апта бойы «Сенің болашағың , менің елім ,менің Қазақстаным!»тақырыбында бейне фильм көрсетілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-3 сыныптар аралығында «Алғыс айту күні - мейірімділік, жарқындық мейрамы»атта спорттық жарыстар өткізілді. «Алғыс айту және ризашылық» тақырыбында акция ұйымдастырылып жалғасытырылуда.Мерекелік іс-шара жоспар бойынша өткізіліп,мектептің сайтына ақпарат салынды.