2018 жылдың 19 қаңтары күні кешкі сағат 23.00-00.00 аралығында мектеп инспекторларымен бірігіп рейд жүргізілді.
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ –нің
2017-2018 оқу жылы бойынша ұйымдастырылған
түнгі рейд жұмысының ақпары
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2018 жылдың 19 қаңтары күні кешкі сағат 23.00-00.00 аралығында мектеп инспекторларымен бірігіп рейд жүргізілді. Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері 1, 2, 3, 17, 21 мөлтек аудандары, Желтоқсан, Сейфуллин, Молдагулова, Мира көшелері, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп,ойын –сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және студент жастарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.
Түнгі рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.