Облыстық «Бір аймақ-бір кітап» акциясы
Облыстық «Бір аймақ-бір кітап» акциясы.
15.12.2017- 01.05.2018жыл
Акция мақсаты: жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеуіне, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару,оқырман мәдениетін дамыту және қолдау.
Осы орайда №5 орта мектеп кітапханасында бекітілген ереже бойынша оқушыларға саптық жиында оқушы деңгейіне қарай оқылатын шығармаларды таныстырылды.
Облыстық дәстүрге айналған акция аясында мына төменде көрсетілген шығармаларды оқу ұсынылды: Кітапханада кітап бұрышы ұйымдастырылып , каникул кезінде оқушыларға тапсырма берілді.
- 2-4 сынып – Қазақ ертегілері (10 ертегі): «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ; «Қожанасырдың олжасы» ; «Жақсылық пен жамандық» ; «Қаңбақ шал»; «Аламан мен Жоламан» ; «Алдар Көсе мен Шығайбай» ; «Күңкей сұлу» ; «Қасқыр мен түлкі ; «Қадырдың бақыты» ; «Ер төстік»
- 5-7 сынып – Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі ;
- 8-9 сынып- Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі ;
- 10-11 – сынып – Ғабиден Мұстафин «Қарағанды» романы