2017-2018 оқу жылы бойынша ұйымдастырылған түнгі рейд жұмысының ақпары
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2017 жылдың 03 қарашасы күні кешкі сағат 19.00-22.00 аралығында мектеп инспекторы Жандыгулов Канат Жакипбекович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Коныспаевна, әлеуметтік педагог Төлеген Жазира Манатбеққызы педагог –психолог Амантаева Назерке Дарханқызы түнгі рейд жүргізілді. Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері 1, 2, 3, 17, 21 мөлтек аудандары, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп,ойын –сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және студент жастарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.
Түнгі рейд жұмыстары кезінде мектепшілік «тәуекел» топта есепте тұрған оқушылардың отбасына барып, оқушылардың бос уақытын қадағаланды. Түнгі «Алтын шаңырақ», «Ақерке», «Улыбка», «Веснянка», «Мерей» сияқты түнгі кафелер араланып, тиісті ақпарат анықталды.
Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тек ата –аналарымен бірге жүрген отбасыларын кездестірдік.