Размер шрифта:

«Білім басы бастауышта қаланар, Білімнен әлемге жол салынар» тақырыбындабастауыш сыныптардың онкүндігі өтті.

Дата: 2017-12-24 12:19:57

«Білім басы бастауышта қаланар, Білімнен әлемге жол салынар» тақырыбындабастауыш сыныптардың онкүндігі өтті.Мақсаты: жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылыққабілеттерін дамыту. Онкүндік аясында ашық сабақтар, интеллектуалды ойындар, көрмелер, қойылымдар жоспар  бойынша өткізілді.

Дүйсенбі: «Білім еліне саяхат» онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Жиында онкүндік жоспарымен  таныстырылды. 4сыныптардың орындауында «Мектеп» әні орындалды.

Сейсенбі: «Математика күні».Қызықты математикалық тапсырмалар беріліп, геометриялық фигуралардан «Біздің аула» компазиясын құрап, логикалық сұрақтарға жауап берді.

Сәрсенбі:«Кітаптар әлемі». «Мәнерлеп оқудың жұлдыздары» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.2 «Б» сыныбында Тулеуова Ляззат Науановна  «Үйшік» ертегісі бойынша ғылыми жоба жұмысын жүргізді.

Среда:«Кітаптар әлемі» Прошел конкурс по выразительному чтению «Мәнерлеп оқудың жұлдыздары».Во в2 «Б»классе Тулеуова Ляззат Науановна провела защиту научных проектов по сказке «Үйшік»

Бейсенбі: «Қазақ тілі күні». Сауатты сөздік диктанты және «Көркем жазу» үлгілі дәптер көрмесі ұйымдастырылды.Қазақ тілінен Асылбекова Айгүл Тлеукеновна «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері» атты ашық сабақ өткізді.

Жұма: «Дүниетану күні», «Алтын күз» сурет салу байқауы өтті. « Құстарға қамқорлық қалай жасаймыз?» атты ұядан көрме ұйымдастырылды.Дүниетану пәнінен 2 «А» сыныбында Нуржанова Қарлығаш Сраиловна «Жануарлардың көптүрлілігі» тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Сенбі: «Флешмоб күні». «Әкем, анам және мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа 4 «Ә», 4 «А», 3 «Ә», 1«Ә» сыныптарының ата-аналары қатысып, І орынды: 4 «А» сыныбының Жақсылықовтар отбасы, ІІ орын: Бағидолла отбасы, ІІІ орын: Алимовтар отбасы, «Кішкентай қатысушы» номинациясымен 1 «Б» сынып оқушысы марапатталды.

Дүйсенбі: «Үштілділік күні». Жұмбақтар сайысында оқушылар жұмбақтардың шешуін үштілде айтты.1 «Б» сыныбында Ғазиз Тоғжан «Сөз ойла, тез ойла» тақырыбында ойын түрінде сабақ  өткізді. 

 

Сейсенбі: «Шебер қолдар». Сынып оқушыларының арасынан өнерлі оқушылар өз қолдарынан жасаған бұйымдарын «Шебер қолдар» көрмесіне қойды.

Сәрсенбі:«Оқу шаттығы күні».

4 «Ә» сыныбында Бекбенбетова  Г.К  Әдебиеттік оқупәнінен Ахмет Байтұрсынұлы«Аққу, Шортан һәм Шаян» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

«Ертегілер елінде» қойылым көрсетілді.

Бейсенбі: «Апталықтың жабылуы күні».

Музыкалық шығармашылық кеш өткізілді.Апталыққа белсене қатысқан 4 «Ә», 4 «А», 3 «А», 3 «Ә», 3 «Б», 2 «А»,1 «А»,1 «Ә» ,1 «Б»,  сыныптары марапатталды.      

Автор: №5 ОМ