Кітап - адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.

Дата: 2017-12-20 05:16:26
Кітап - адам өмірінде аса маңызды   рөл атқарады.

     Кітап - адам өмірінде аса маңызды 

рөл атқарады.  

Кітап – адам жанын рухани байытатын ғана құрал емес, ойшылдар мен ғалымдар, ақындар мен жазушылар жанының айнасы.

 Кітап адам баласының ақыл –ойынан туған байлықты сақтап , оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын , білім мен тәрбие беретін құрал.

Кітап – сенің ақылшың , досың , сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие аласың , ал алғаш мектеп табалдырығын аттап , алғаш қолыңа кітап ұстағанда кітаптан білім аласың . Алғаш жазу жаза аласың , алғаш әріп тани білесің. Ал оның бәрін кім үйретеді ? Біз шын сенімімізбен ұстаз үйрететінін , ал ұстаз оны кітаптан алатынын білеміз.Сондықтан кітапты құрметтеп,ұқыпты ұстау баршамыздың міндетіміз.

 

            

Автор: №5 ОМ