«ЖАНДЫ МҰРА: БІР ӨЛКЕ – САН АЛУАН ДӘСТҮР» ОБЛЫСТЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНДА ІІІ ОРЫН!
Дата: 2026-11-16 15:52:33
026 жылғы 14 қараша күні 7–11 сынып оқушылары арасында «Жанды мұра: бір өлке – сан алуан дәстүр» атты облыстық бейнероликтер байқауы өткізілді.
Аталған байқау «Сарыарқа дарыны» қосымша білім беретін аймақтық ғылыми-практикалық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің тарих факультетінің ұйымдастыруымен өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерімізді насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Осы байқауға мектебіміздің 7 «Ә» сынып оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Мыңбаев Елхан Ерланұлының жетекшілігімен қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Бұл жетістік – оқушылардың ізденісі мен шығармашылығының, жетекшісінің кәсіби бағыт-бағдарының және бірлескен еңбектің жемісі.
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшісі Мыңбаев Елхан Ерланұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!