«Буллинг: жауапкершілік және көмек сұраудың қауіпсіз жолдары» диалог алаңы
Дата: 2026-11-16 15:40:38
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Буллинг: жауапкершілік және көмек сұраудың қауіпсіз жолдары» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесуде мектеп инспекторы полция капитаны А.К.Касымжанова 7-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллингтің белгілері мен салдарын түсіндіру, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қиын жағдайда көмек сұрау дағдыларын дамыту.
Диалог барысында қорлау, мазақтау, қоқан-лоқы көрсету, әдейі ортадан шеттету және әлеуметтік желіде қысым жасау сияқты әрекеттер талқыланды. Оқушылар осындай жағдайларда жәбір көрген адамның, куәгердің және қысым көрсеткен адамның әрекеттері мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты.
Диалог алаңы оқушылардың өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауына, бір-бірінің қадір-қасиетін құрметтеуіне және мектепте қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Буллингке жол берме! Қолдау көрсет! Көмек сұраудан қорықпа!