Болашаққа бастар жол: Түлектерге кәсіби бағдар беру

Дата: 2026-11-16 15:19:42
Болашаққа бастар жол: Түлектерге кәсіби бағдар беру

Мектебімізде 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірлік сәттілік кілті» атты маңызды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, олардың алдағы өмірлік жолын айқындауға көмектесу.
Кездесу барысында мектеп әкімшілігі мен шақырылған мамандар сөз сөйлеп, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, ҰБТ-ға дайындық және мамандық таңдау кезіндегі психологиялық аспектілер туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Ата-аналар да белсенділік танытып, өздерін мазалаған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.
Бұл іс-шара түлектердің өз қабілеттері мен қызығушылықтарын тануға, сондай-ақ, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз. Түлектеріміздің таңдауы оң болып, өмірде өз орындарын табуына тілектеспіз!

Автор: №5 ОМ