Мамандыққа алғашқы қадам: гуманитарлы-техникалық колледжге танымдық экскурсия 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Әлихан Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Дата: 2026-11-05 16:03:49
Мамандыққа алғашқы қадам: гуманитарлы-техникалық колледжге танымдық экскурсия
9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Әлихан Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің заманауи оқыту базасымен, оқу кабинеттерімен және жаңа технологиялармен танысты. Білікті оқытушылар оқу орнының мүмкіндіктері мен мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, болашақ мамандықты дұрыс таңдау бойынша бағыт-бағдар берді.
Бұл шара оқушылардың заманауи мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, сапалы білім алуға деген ынтасын оятты.