«Заң және тәртіп» бағыты аясында профилактикалық дәріс өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 5-6 сынып оқушыларына құқықтық-профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановна қатысып, оқушыларға арнайы дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру жөнінде кеңінен түсіндірілді. Полиция капитаны оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет желісіндегі қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақтық таныту, сондай-ақ құқық бұзушылыққа жол бермеу,сабақты себепсіз босатпау,кешкі уақытта жүрмеу т.б мәселелеріне ерекше тоқталды.
«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі. Заңды білу және оны құрметтеу – әр азаматтың міндеті.