«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ОҚУШЫЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Дата: 2026-09-09 10:11:22
«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Балқаш қаласында оқушылармен құқықтық және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жасөспірімдерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру және құқық бұзушылықтардың салдары түсіндірілді. Сонымен қатар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану және жеке деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық бойынша қажетті ақпаратпен танысты.
Мұндай профилактикалық кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.