"Тіл – ұлттың жаны" интеллектуалды сайысы Тілдер апталығы аясында 8”А”-сынып оқушылары арасында «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

Дата: 2026-09-09 09:46:05

Тіл – ұлттың жаны» интеллектуалды сайысы
Тілдер апталығы аясында 8”А”-сынып оқушылары арасында «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты – оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі және шетел тілдеріне деген қызығушылығын арттыру, тілдік білімдерін жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және білімді, тапқыр, жан-жақты тұлға қалыптастыру.
Интеллектуалды сайыс барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты. Қатысушылар мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, сөз мағынасы, тіл білімі, логикалық сұрақтар және ұлт мәдениетіне қатысты тапсырмаларды орындады. 

Автор: №5 ОМ