2026 жылғы 31 тамызда «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2026–2027 оқу жылының басталуына орай педагогикалық кеңес өткізілді.

Дата: 2026-09-09 09:43:02

1. «Әдістемелік нұсқау хат» негізінде 2026–2027 оқу жылындағы білім беру үдерісінің негізгі басымдықтары мен өзгерістері таныстырылды. Сонымен қатар 2025–2026 оқу жылындағы оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына жан-жақты талдау жасалды.
2. 2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары және оны ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қарастырылды.
3. 2025–2026 оқу жылындағы 9 және 11-сынып түлектерінің білім беру ұйымдарына орналасуы туралы мәлімет ұсынылды.
4. Оқушылардың әлеуметтік мәртебесін анықтау, «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру, жеңілдікпен және тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы балаларға қолдау көрсету мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысында жаңа оқу жылында білім сапасын арттыру, тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, түлектерге кәсіби бағдар беру және әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға жан-жақты көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Автор: №5 ОМ