Размер шрифта:

«Жаз ханзадасы мен ханшайымы – 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды

Дата: 2026-06-18 09:55:51
«Жаз ханзадасы мен ханшайымы – 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Жаз ханзадасы мен ханшайымы – 2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Байқау барысында балалар өздерінің өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін, сахна мәдениеті мен тапқырлықтарын таныстырып, түрлі кезеңдерде белсенділік көрсетті.

Қатысушылардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әділқазылар алқасы олардың өнер көрсету шеберлігін, шығармашылығын және сахнадағы еркіндігін бағалады.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың Бас жүлдесін Қуанышбек Аянат пен Ержан Хан-Сұлтан жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай жарқын іс-шаралар балалардың өз қабілеттерін шыңдап, шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Байқауға қатысқан барлық оқушыларды құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Автор: №5 ОМ