Жазғы мектепте математика мен экологиялық тәрбие ұштасты

Дата: 2026-06-18 09:46:45
Жазғы мектепте математика мен экологиялық тәрбие ұштасты

Жазғы мектеп жұмысы жалғасуда. 2026 жылғы 17 маусым күні оқушылар математика пәнінен білімдеріндегі олқылықтарды жою мақсатында қайталау жұмыстарын жүргізді. Олар әртүрлі есептер шығарып, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін нығайтты және пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.

Сонымен қатар, балалар қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау тақырыбында суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Жұмыс барысында табиғатты сақтаудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, экологиялық мәдениеттің мәнін түсінді.

Күн бойы ұйымдастырылған танымдық ойындар мен қызықты іс-шаралар оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Бұл күн балалардың білімдерін толықтырып қана қоймай, олардың шығармашылық және экологиялық көзқарастарының қалыптасуына оң ықпал етті.

Автор: №5 ОМ