Жазғы мектептің екі апталық жұмысы қорытындыланды

Дата: 2026-06-18 09:41:54
Жазғы мектептің екі апталық жұмысы қорытындыланды

15 маусым күні жазғы мектептің екі апталық жұмысы қорытындыланды. Осы уақыт аралығында оқушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, шығармашылық жұмыстарға белсенді қатысып, өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Әр күн мазмұнды әрі көңілді өтіп, балалар ойындар мен танымдық іс-шараларға қызығушылықпен араласты. Қорытынды кеш барысында белсенділік танытқан оқушылар дипломдармен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Балалардың қуанышты жүздері мен жарқын әсерлері жазғы мектептің бұл кезеңінің қызықты әрі пайдалы өткенін көрсетті.

Автор: №5 ОМ