Размер шрифта:

9-сынып оқушылары «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды

Дата: 2026-06-11 09:53:02
9-сынып оқушылары «Қазақ тілі» пәнінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды

Негізгі орта мектеп курсы бойынша 9-сынып оқушылары «Қазақ тілі» пәнінен жазбаша қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды. Емтихан барысында білім алушылар қазақ тілі бойынша алған білімдерін көрсетіп, жазылым дағдылары мен сауаттылық деңгейлерін дәлелдеді.

Емтихан белгіленген талаптар мен ережелерге сәйкес ұйымдастырылды. Оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, өз білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті.

Қорытынды аттестаттау – оқушылардың негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайтын маңызды кезең. Барлық білім алушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз!

Автор: №5 ОМ