Мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қатысу туралы

Дата: 2026-06-10 14:41:41

Көктемгі және күзгі сенбіліктер барысында мектеп ауласын тазалау, ағаштар мен бұталарды күтіп-баптау, гүлзарларды ретке келтіру, қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мектеп әкімшілігімен бірлесіп, мектеп аумағының тазалығы мен көркейтілуіне өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, мектептің эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында гүл көшеттерін отырғызуға, жасыл желектерді күтіп ұстауға және аумақты көріктендіруге қолдау көрсетілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде мектеп ауласының санитарлық жағдайы жақсарып, оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік жасалды.

Қамқоршылық кеңесі алдағы уақытта да мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, аумақты көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына қолдау көрсетуді жалғастырады.

Автор: №5 ОМ