«Рәміздер – елдігімнің айғағы»
Дата: 2026-06-04 15:31:36
4 маусым күні «Күншуақ» жазғы лагері тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық іс-шараға қатысты. Балалар көк Туымызды мақтанышпен көтеріп, патриоттық флешмоб жасап, түрлі сергіту жаттығуларын орындады. Іс-шара барысында оқушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мағлұмат алып, олардың маңызы мен қадір-қасиеті жөнінде әңгімелесті. Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ел рәміздеріне құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы екенін түсінді.