«Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы»

Дата: 2026-06-04 15:28:52
«Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы»

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай мектеп ұстаздары мен жазғы алаң оқушылары қатысып, Мемлекетіміздің көк Туының астында салтанатты түрде сапқа тұрды. Шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын ерекше мақтанышпен және зор құрметпен орындады. Сондай-ақ оқушыларға Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы танымдық ақпараттар беріліп, рәміздердің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны екендігі түсіндірілді.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осындай патриоттық бағыттағы іс-шаралар жас ұрпақтың елжандылық сезімін нығайтып, туған жерге деген мақтаныштарын арттыра түседі.

Автор: №5 ОМ