«Рәміздерім – мақтанышым!»

Дата: 2026-06-04 15:24:21
«Рәміздерім – мақтанышым!»

4 маусым күні «Күншуақ» жазғы лагері тәрбиеленушілері «Рәміздерім – мақтанышым!» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәліметтермен танысып, олардың тарихы мен маңызы жайында әңгімелесті. Іс-шара барысында оқушылар өз қиялдары мен шығармашылықтарын пайдаланып, мемлекеттік рәміздерге арналған әсем суреттер салды. Әр суреттен балалардың туған еліне деген сүйіспеншілігі мен рәміздерге деген құрметі байқалды. 

Автор: №5 ОМ