2026 жылғы 29 мамыр күні мектебімізде «Есірткіге қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге» арналған айлық жоспары аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараны мектеп медбикелері Жазибекова С.С. мен Досмухаметова М. жүргізіп, оған 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және есірткі заттарының адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру болды. Мамандар оқушыларға есірткіні қолданудың физикалық және психологиялық салдары, оның адам ағзасына кері әсері, сондай-ақ заңсыз айналымға қатысудың құқықтық жауапкершілігі жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Шара барысында оқушыларға бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен шұғылдану, пайдалы әдеттерді қалыптастыру және дұрыс өмірлік ұстаным таңдау жөнінде кеңестер айтылды. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Осындай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасында есірткіге қарсы берік көзқарас қалыптастыру болып табылады.