Дата: 2026-06-03 10:49:17
2026 жылғы 29 мамыр күні 9-сынып білім алушылары үшін математика пәнінен (алгебрадан) жазбаша емтихан өткізілді. Қорытынды аттестаттаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналатын бұл емтихан оқушылардың теориялық білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару дағдыларын тексеруге мүмкіндік берді.
Емтихан барысында білім алушылар жинақылық пен жауапкершілік танытып, өз білімдерін барынша көрсетуге тырысты. Тапсырмалар оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтып, оқушылардың математикалық сауаттылығын бағалауға бағытталды.
Қорытынды аттестаттау – әрбір түлек үшін маңызды белес. Барлық білім алушыларға сәтті нәтиже, алдағы оқу жолында табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Автор: №5 ОМ