Дата: 2026-06-03 10:33:27
Маусымның 1-нен бастап мектебімізде жазғы мектеп жұмысы бастау алды.Жұмыс жоспарына сәйкес 1–2 сынып оқушылары сағат 9:00–10:30 аралығында, ал 3–4 сынып оқушылары 10:30–12:00 аралығында білім алады.
Жазғы мектеп жұмысы математика пәні бойынша олқылықтарды жоюға, оқу сауаттылығын арттыруға және оқу техникасын жетілдіруге бағытталған. Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін көтеру, есеп шығару дағдыларын дамыту және дұрыс, түсініп оқу қабілеттерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.