«ZERDELI URPAQ» олимпиадасында мектебіміздің оқушылары жүлделі орын иеленді

Дата: 2026-05-06 13:53:02
«ZERDELI URPAQ» олимпиадасында мектебіміздің оқушылары жүлделі орын иеленді

05.05.2026 күні №12 жалпы білім беретін мектебінде 3-сынып оқушылары арасында «ZERDELI URPAQ» олимпиадасының қалалық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Білім бәйгесіне қаламыздың әр мектебінен үздік оқушылар қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.

Аталған олимпиадаға мектебіміздің 3-сынып оқушылары да белсене қатысып, математика, логика және сауаттылық бағыттары бойынша өздерінің терең білімдерін көрсете білді. Нәтижесінде оқушыларымыз жүлделі ІІІ орынды иеленіп, мектеп мерейін үстем етті.

Сонымен қатар, олимпиада ұйымдастырушылары тарапынан оқушыларға білімдерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретін Zerdeli App мобильді қосымшасына 1 айлық жазылымға арналған 10 грант табысталды. Бұл – жас білімпаздарға көрсетілген үлкен қолдау әрі болашақ жетістіктерге бастар қадам.

Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы білім додаларында да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

 
Автор: №5 ОМ