Размер шрифта:

23 қаңтар күні мектептің 7–11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Балқаш қаласы ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Коразбаев Нурлыжан Айтмагамбетович, Балқаш қаласының полиция бөлімінің кримининалдық полици

Дата: 2026-01-28 10:19:42
23 қаңтар күні мектептің 7–11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Балқаш қаласы ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Коразбаев Нурлыжан Айтмагамбетович, Балқаш қаласының полиция бөлімінің кримининалдық полици

«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 2026 жылдың 23 қаңтар күні мектептің 7–11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Балқаш қаласы ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Коразбаев Нурлыжан Айтмагамбетович, Балқаш қаласының полиция бөлімінің кримининалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Кунарбеков Арман Сайрановичпен «Заң және тәртіп» айлығы аясында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға қылмыстың қоғамға қауіпті әрекет екендігін түсіндіру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық түрлері мен оларға тағайындалатын жаза шаралары жөнінде ақпарат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтына баулу.Кездесу барысында полиция қызметкері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлерін жан-жақты түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, оқушыларға әлеуметтік желілердегі жауапкершілік, интернет кеңістігіндегі құқықтық мәдениет талаптары, бөтен мүлікке қол сұғу, тұрмыстық бұзақылық, түн мезгілінде заңсыз жүру, сонымен қатар, оқушыларға жалған қоңыраулар шалу «бомба қойылды» деген жалған ақпарат тарату фактілері — аса ауыр құқық бұзушылық болып саналатыны, мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді.

Автор: №5 ОМ