7«Ә» сынып оқушыларымен «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласының №5 ЖББ мектебі КММ-де жоспарға сай 7«Ә» сынып оқушыларымен «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: Білім алушыларға зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін айту.
Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы қысқаша мағлұмат беру, пікір алмасу.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болып жатқан іс әрекетке белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.
ІІ. Топқа бөліну
Оқушылар топқа бөліну үшін әр бір оқушы үстелде қойылған смайликтерге байланысты бөліну. Тренинг басындағы білім алушылардың көңіл күйлері қандай?, соған байланысты «орташа көңіл күй» және «көтеріңкі көңіл күй» болып 2 топқа бөлінеді.
ІІІ. «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постер жасау.Әр топқа берілген қағаздарға тақырыпқа байланысты постер жасайды. І топ: «Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?», ІІ топ: «Зорлық-зомбылықты болдырмас үшін не істеу керек?» тақырыптары бойынша жұмыс жасап, оны топпен қорғау, өз ойларын ашық білдіру.
IV. Жаттығу. «Арқаға арқа» Мақсаты: күнделікті өмірде болмайтын қарым-қатынастың тәжірибесін алу.Екі қатысушы бір-біріне арқаларымен тұрады және осы жағдайда 3-5 минут әңгіме құру барысында «рақмет» сөзін қосып айту керек, ал қалған отырған оқушылар өз топтарынан шыққан оқушылардың қанша «рақмет» айтқандарын санап отырады. Аяқталысымен олар өз сезімдерімен бөліседі.Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
Жұмыс жоспарға сай, жүйелі, оқушылардың қабылдауына түсінікті, ұнамды болды.