“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханасына 1 сыныптар саяхатқа барды.
Дата: 2024-01-04 15:56:28
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “N5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханасына 1 сыныптар саяхатқа барды. Мектеп кітапханасында кітапханашы апайымыз балаларды кітапханаға жаңадан келген ертегі оқулықтарымен таныстырды. Кітапханаға келген ертегі кітаптары оқушыларға қатты ұнады. Оқушылар келген кітаптарды қызыға оқып жақсы көңіл-күйде үйлеріне қайтты.