Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті

Дата: 2023-12-11 15:00:55
Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті

Жоспарға сәйкес ДОІЖО А.Т. Асылбекова мен мектеп педагог-психологы Ж.Б. Журчинованың бастамасымен 2023-2024 жж жаңа оқу жылына келген жас мамандар мен жаңадан келген ұстаздарға арналған психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг тақырыбы: "Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті". Тренинг мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

       Тренинг жүйелі, жинақы, жоспарға сай өткізілді. Тренинг соңында, қатысушы ұстаздар, осындай тренингтер одан әрі де жалғасын тауып, әрдайым өткізіліп, тұруын өтінді.

Автор: №5 ОМ