«100 жол, 1-еуі сенікі» тақырыбында 10Ә сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
Дата: 2023-11-09 00:58:15
Кездесудің қонағы Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші, Сидней университетінің магистрі, кәсіби бағдар беру ісінің маманы Жабаев Асет Балғабайұлы.
Онлайн кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы туралы білімдерін, түсініктерін кеңейту, мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру, өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Модератор: И.Ж.Жанаткызы