«Жыл мұғалімі -2023» қалалық кезеңі
Дата: 2023-10-16 16:20:24
12 қазан 2023 «Жыл мұғалімі -2023» қалалық кезеңінде «Жалпы білім беретін №5 мектебінің» биология пән мұғалімі Нурсапина Салима Тлековна «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінде» 8 «Ә» сыныбында биология пәнінен «Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақта оқушылармен топтық, жеке жұмыстар жасау арқылы тақырыпты меңгертіп қорытындылай білді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды қызыға орындады. Сабаққа қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, кері байланыс жасады.