«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша жүргізілген іс-шараларының ақпары

Дата: 2023-10-03 19:23:03
«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша жүргізілген іс-шараларының ақпары

1 тамыздан бастап мектепте «Мектепке жол» республикалық акция жұмысы жүріп жатыр.  Бұйрық  бойынша жоспар жасалып, «Мектепке жол» акциясы барысында мектеп ұжымынан штаб құрылды. Акция бойынша мектепте арнайы стенд ұйымдастырылып, акцияға шақыру парақтары таратылды.

Акция мақсаты –атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан, аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған,үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың балаларының мектепке толық баруына қолдау көрсету. Осыған орай қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үміт сыйлау мақсатында «Мектепке жол – Жақсылық жаса!» Республикалық акциясы өтті.

«Мектепке жол» акциясына мектеп ата-аналарынан 53 өтініш түсті. Оның ішінде құжаттары толық рәсімделген 47 оқушыға «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан әр балаға 40567 теңге көлемінде көмек берілді. Бұлардан басқа көмек сұраған ата-аналарға кәсіпкерлер мен мектеп ұжымы көмек қолын созды. Олар: ИП «Сыздыкова» 1-сыныптың бір оқушысына форма, «Ной» ЖШС 6 оқушыға толық оқу құралдары барпортфель сыйласа, мектеп ұжымы жиналып бір оқушыға ақшалай көмек жасады. Сонымен қатар «Аманат» партиясынан көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 оқушыға оқу құралдарымен жабдықталған портфель сыйға тартты.

Демеушілердің акцияға қатысып, оқушыларға мейірімділік пен жомарттық танытқаны үшін алдағы уақытта мектеп ұжымы атынан рахмет айтылып, алғыс хаттар табысталды.

Автор: №5 ОМ