Дұрыс тамақтану – дені сау ұлтты қалыптастырудың кепілі!
Дата: 2023-09-14 01:25:42
Шараның мақсаты – дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде халықтың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың сауаттылығын арттыру, оқу орындарында оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету болып табылады.
Дұрыс тамақтану – бұл адамға қажет барлық заттарды қамтитын жақсы сәйкестендірілген тағам. Тұрақты дене жүктемесімен үйлесіп ол жақсы денсаулықтың негізін құрайды. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің төмендеуіне, физикалық және психикалық дамудың бұзылуына, сондай-ақ өмірлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. Осыған байланысты, 06 қарашадан бастап апталық аясында республиканың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында бейінді мамандарды, диетологтарды тартумен, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында оқушылар, ата-аналар үшін консультациялар ұйымдастырылуымен ашық есік күндері өтеді. Іс-шаралар барысында қант деңгейін және қандағы холестеринді, анықтауға болады. Дұрыс тамақтану мәселелеріне арналған тренингтер және әңгімелер, сынып сағаттары өткізумен денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылды. Профилактикалық шаралардың негізгі құрамдас бөлігі – жасөспірімдердің денсаулық деңгейіне мониторинг жасау және медициналық көмек көрсетуді жақсарту, мектепте және отбасында тәуекелдерді алдын-алу тетіктерін енгізу үшін жағдай жасау. Апталықты өткізу – халықтың дұрыс және рационалды тамақтануы туралы сауаттылығын арттырып, оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді. Дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы, дені сау ұрпақ тәрбиелейтініміз сөзсіз.