«XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында, 18.01.2023. күні 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары арасында "Сөз - зерде" зияткерлік сайысы өткізілді.

Дата: 2023-01-19 02:40:53
«XXl  ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында,  18.01.2023. күні 9 «А», 9 «Ә»  сынып оқушылары арасында

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ -де, «XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясында, 18.01.2023. күні 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары арасында "Сөз - зерде" зияткерлік сайысы өткізілді.
• Мақсаты:оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білім-білік дағдыларын, білімдерін бақылай отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, оқушыларды өз бетінше ізденуге тәрбиелеу; жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу; шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
І. Бәйге
ІІ. Тіл өнер
ІІІ. Жұмбақ шешу
ІV. Дода
V. Жорға
Сайыстың нәтижесі бойынша екі топ бірдей ұпай жинады. Оқушылар сайыста өз білім деңгейлерін көрсетті. Олардың туған тілімізге құрметі, бірін-бірі тыңдай білуі, сөз мәдениетті әділ қазылар мен көрермендердің көңілінен шықты.
Екі топ мүшелері де сайыста жоғары білім деңгейлері мен белсенділік көрсеткендері үшін апталықтың жабылу жиынында марапатталады.

Автор: №5 ОМ