Lesson Study бойынша зерттеу сабақтары өтті.
Дата: 2022-12-02 04:05:24
Мектебімізде, Lesson Study зерттеуі негізінде мұғалім тәжірибесіне тиімді әрекеттерді, әдістерді,тақырыптарды таңдауға ықпал жасау, оқу үдерісінің сапасын арттыру, іс-тәжірибе алмасу мақсатындағы мектептің жоспары бойынша, 8 «Ә» сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті Даниярова, Т.Г. , Қазақстан тарихы Талгатова Г.Т. , шет тілі Өміртай А.Б зерттеу сабақтары өтті.
Фокус топ мүшелері сабақ беру барысында туындаған қандай да бір өзекті мәселені теориялық, әдістемелік немесе қарым-қатынас саласындағы проблеманы шешу мақсатында, сабақты бірлесе жоспарлап, сабаққа қатысу барысында оқушылардың үйрену әрекеттерін бақылап, олардың жетістіктері мен қиындықтарын айқындап өзара тәжірибе алмасуда.
Бұл әдіс-мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түсетіні сөзсіз. Зерттеу тобындағы ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!