Ата-аналармен құқықтық білім беру бойынша жинланыс өткізілді

Дата: 2022-11-03 14:43:48
Ата-аналармен құқықтық білім беру бойынша жинланыс өткізілді
«№5 жалпы  білім  беретін мектебі»КММ-де өткен ата-аналармен құқықтық білім беру бойынша  өткізілген  жиналыс
Күні: 02.11.2022ж
Күн тәртібінде:
1. І тоқсанның қорытындысы.
2. «Күзгі  каникул  уақытындағы балалардың  қауіпсіздігі»( жол қауіпсіздігі,үйде  қауіпсіздікті сақтау,жолдағы  қауіпсіздікті  сақтау т.б) 3.«Оқушылардың құқық бұзушылықтары мен зиянды әдеттерінің алдын алу» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі баптары.
4.Әр түрлі  мәселелер
І мәселе бойынша ата-аналар жиналысын мектеп директорының  міндетін  атқарушы Г.Ж.Балапанова ашып,жиналысқа  қатысушыларды күн тәртібі бойынша  қаралатын  мәселелермен  таныстыра  келе ,ата-аналарға  І  тоқсанның  аяқталуы және  жүргізілген  жұмыстарға  тоқталып  өтті .Күзгі  каникул  уақытындағы  балалардың  қауіпсіздігіне  ерекше  көңіл  аудару  керектігі  айтылды.Қоғамдық  орында  өздерін  дұрыс  ұстау,құқықбұзушылықты  болдырмау т.б.туралы  айтып  өтті.
«Оқушылардың құқық бұзушылықтары мен зиянды әдеттерінің алдын алу»бойынша түсіндірме  жұмысы  жүргізілді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті ұйымдастыру-функционалдық институттар құрылды, тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданды, белгілі бір тәжірибе жинақталды, бұл бала құқықтарын қорғаудың ұлттық моделі туралы айтуға мүмкіндік береді.Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы елдің заңнамасы негізделген базалық нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.Тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасары Шакижанова Алма Конысбаевна сөз алып  бала қауіпсіздігі мәслесінің маңызы зор екендігіне  тоқталды.. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім-білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керектігін айта  отырып, күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: ауыр жарақат алып  қалатындығы  белгілі  жағдай. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті екендігін  түсіндіріп  өтті.Мектептің   1 сынып ата-аналарына  мектептің  ішкі  тәртіп  ережесімен таныстырып  өтті.

07cf74b0-ade8-4c1e-ae76-e835e5009b80

Автор: №5 ОМ