Размер шрифта:

«Дұрыс тамақтану – дені сау ұлтты қалыптастырудың кепілі!» атты апталықтың ақпары

Дата: 2022-10-30 03:54:12
 «Дұрыс тамақтану – дені сау ұлтты қалыптастырудың кепілі!» атты апталықтың ақпары
Шараның мақсаты – дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде халықтың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың сауаттылығын арттыру, оқу орындарында оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету болып табылады. 
Дұрыс тамақтану – бұл адамға қажет барлық заттарды қамтитын жақсы сәйкестендірілген тағам.  Тұрақты дене жүктемесімен үйлесіп ол жақсы денсаулықтың негізін құрайды. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің төмендеуіне, физикалық және психикалық дамудың бұзылуына, сондай-ақ өмірлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.   Осыған байланысты, 06 қарашадан бастап апталық аясында республиканың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында бейінді мамандарды, диетологтарды тартумен, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында оқушылар, ата-аналар үшін консультациялар ұйымдастырылуымен ашық есік күндері өтеді. Іс-шаралар барысында қант деңгейін және қандағы холестеринді, анықтауға болады. Дұрыс тамақтану мәселелеріне арналған тренингтер және әңгімелер, сынып сағаттары  өткізумен денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылды. Профилактикалық шаралардың негізгі құрамдас бөлігі – жасөспірімдердің денсаулық деңгейіне мониторинг жасау және медициналық көмек көрсетуді жақсарту, мектепте және отбасында тәуекелдерді алдын-алу  тетіктерін енгізу үшін жағдай жасау. Апталықты  өткізу – халықтың дұрыс және рационалды тамақтануы туралы сауаттылығын арттырып, оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді.  Дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы, дені сау ұрпақ тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Автор: №5 ОМ