Размер шрифта:

Мектеп кітапханасында «Мен қалаған мамандық» тақырыбында 10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Дата: 2022-10-19 17:56:53
Мектеп кітапханасында «Мен қалаған мамандық» тақырыбында 10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.
«Мен қалаған мамандық»
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз 
Әбунасыр Әл Фараби 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханасында «Мен қалаған мамандық» тақырыбында 10 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек.Қандай мамандық таңдасаң да, қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Сондықтан мамандықтың бәрі жақсы мыңын таңдап,бірін ал демекші. Адам өмірінің мәні дұрыс маман иесі болу. Қазір ақпарат көздерінен өзіңнің таңдаған мамандығың жайлы жан-жақты ,қыр-сырымен оқып танысуға болады. Мамандық әлемін таңдауды төменгі сыныптан бастаған дұрыс.
Автор: №5 ОМ