10 «А» сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы
Дата: 2022-10-19 17:00:48
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10 «А» сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, кезінде қалың оқырманның сүйікті шығармасы болған, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын бастап оқыды. Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын-ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар, деп ұлы Абай атамыздың бір шумақ өлең жолдарымен басталған шығарма оқушылардың жүрегінен орын алып, жас оқырмандарды бей -жай қалдырмасы анық. Шығарма сүйіспеншілікке толы. Ербол есімді жауынгер жігіт пен Меңтай есімді арудың бір-біріне деген ыстық махаббаты, шығарманы оқып отырған оқырмандарды өзіне баурап алары сөзсіз.