Размер шрифта:

2 маусымда жазғы лагерде жүрген оқушыларға «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында кітапханадағы жаңа мерзімді басылымдармен, балалар энциклопедиялармен таныстырды.

Дата: 2022-06-04 01:31:14
2 маусымда жазғы лагерде жүрген оқушыларға «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында кітапханадағы жаңа мерзімді басылымдармен, балалар энциклопедиялармен таныстырды.

Кітапхана меңгерушісі К. Махашова  мектеп кітапханасында 2 маусымда жазғы лагерде жүрген оқушыларға «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында кітапханадағы жаңа мерзімді басылымдармен, балалар энциклопедиялармен таныстырды. Атап айта кететін болсам : «Айгөлек , Балдырған, Балалар әлемі, Бала би, Ақжелкен, Ертегілер елінде, Дәстүр» сияқты мерзімді басылымдарды мектеп кітапханасында үзбей  жазылып келеміз. Биылғы «Балалар жылында» мектеп кітапханасы көптеген ертегілер,көркем әдебиеттермен толықты. Балалардың қызыға оқитын ертегілері өте көп. Оқу жылы аяқталғанға дейін әр сенбі сайын «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 20 минуттық кітап оқу мектебімізде үрдіске айналды. Міне, сол шара әлі де жалғасын таба бермек.Балалардың енді жазғы демалысында ұялы телефонға телміре бермей, кітап оқып, таным көкжиегін кеңейтіп, ойлау қабілетін арттыратын кітап оқиды деген сенімдеміз. Жадыраған жаз мезгілінің қызықты каникулы баршаларыңызға қуаныш сыйласын! 

Автор: №5 ОМ