«Кәсіби ынтымақтастық -сапалы білім негізі» тақырыбындағы жетекші мектеп форумы өтті.
Дата: 2022-06-01 18:28:42
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15мектеп-лицейі» КММ-нің ұйымдастыруымен, «Кәсіби ынтымақтастық -сапалы білім негізі» тақырыбындағы жетекші мектеп форумы өтті.
Мақсаты: Тиімді серіктестік аясында кәсіби қоғамдастықтардың білім сапасын арттыру үшін зерттеулерге негізделген іс-тәжірибелерімен бөлісу. Форумға Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мұғалімдері қатысты.
«Тәжірибенің өзгеруі-білімнің жинақталуы» шеберлік сыныптар алаңына, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Педагог-Зерттеуші, Абитаева Нурзия Магзумовна «Повышение качества обучения и преподавания через накопленный опыт» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
«Lesson study- мұғалімдердің ынтымақтастық ортасы», Сабақты зерттеу және іс-әрекетті зерттеу алаңында шет тілі пәні мұғалімі Какенова Айдана Талғатқызы, тарих пәні мұғалімі Талгатова Галия Талгатовна «Мәтінді меңгерудегі қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында зерттеу сабақтарының нәтижелерін ортаға салды. Бұл форумнан әріптестер тың ақпараттар алып, іс-тәжірибе алмасты. Қатысқан ұстаздарға шығармашылық табыстар тілейміз.