Размер шрифта:

«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Дата: 2022-05-28 14:21:27
«Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып  өткізілді.

Аналармен жұмыс. Аналармен сұхбаттасу. Сұрақтар беру арқылы ананың қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі туралы пікірлесу. Баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу мақсатында 20.05.2022 күні мектептегі «Кәусар бұлақ» аналар мектебі төрайымы Авдисина Аманкүл және мүшелерімен бірлескен «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.Аналар дөңгелек үстел барысында өз ойларын ортаға сала білді.Қазір біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ, тәуелсіз еліміз осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Сондықтан уақыт талабына сай өмір сүру үшін заман адамдардан жеке тұлғалық фактор талап ететінін және ұлттық сана сезімге сіңіп, тегімізден келе жатқан адами қасиеттерді жойып алмауымыз керек екендігін айта отырып, қыз балалармен күрделі жұмыстар жүргізу керетігін ерекше айтып өтті. Дөңгелек үстел соңында 2021-2022 оқу жылында «Кәусар бұлақ» аналар мектебімен жүргізілген жұмыстарын қорытындалап келесі оқу жылына жоспарларын ұсынды.

Автор: №5 ОМ