Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелерімектеп асханасына тексеріс жүргізді.
Date: 2022-05-21 00:27:48
2022 жылдың 16 мамыр күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелерімектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түліктісақтау температурасының нормасы сақталынған.