«Қамқорлық» акциясы аясында өткен рейдтік іс –шараның ақпары

Дата: 2022-05-19 11:41:41
«Қамқорлық» акциясы аясында өткен рейдтік іс –шараның ақпары

Қаламызда 2022 жылдың мамыр айында рейдтік іс –шара өткізілді. Іс –шарағаЮПТ инспекторлары, қала мұғалімдері бірікен мұғалімдер қатысты. Рейдтік іс –шарада қала көшелері, мөлтек аудандары, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге, пәтерлерді, соның ішінде қолайсыз отбасылардың үйлерін, саяжайларды, базарларды, автожуғыштарды, ойын-сауық мекемелерін, компьютерлік салондарды аралау ұйымдастырылды.

Түңгі рейд жұмыстары кезінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Коныспаевна, әлеуметтік педагог А.С.Касенова, әскери жетекшісі, дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. мектепшілік «тәуекел»  топта есепте тұрған оқушылардың отбасына барып, оқушылардың бос уақытын қадағаланды. Түнгі «Алтын шаңырақ», «Ақерке», «Улыбка», «Веснянка», «Мерей» сияқты түнгі кафелер араланды. Рейд жүргізу барысында ешқандай  кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тек ата –аналарымен бірге жүрген отбасыларын кездестірдік.

Автор: №5 ОМ