Балқаш қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің «Жас мамандар өткізетін ашық сабақтар» жоспарына сәйкес мектебіміздің жас маманы Каргул Нургул Елдарқызы 2 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сан есім» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Дата: 2022-05-11 16:46:14
Балқаш қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің «Жас мамандар өткізетін ашық сабақтар»  жоспарына сәйкес мектебіміздің  жас маманы Каргул Нургул Елдарқызы 2 «Б» сыныбында  қазақ тілі пәнінен «Сан есім» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2022 жылдың 06 мамыр күні Балқаш қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің «Жас мамандар өткізетін ашық сабақтар» жоспарына сәйкес мектебіміздің жас маманы Каргул Нургул Елдарқызы 2 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сан есім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ беру барысында мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру, сан есімді тауып сұраққа жауап беру, сан есімді табу және шығармашылық жұмыспен жұмыс жасау мақсаты көзделді. Осы мақсатқа жету барысында «Ғажайып алаң», «Артық сөзді тап», «Адасқан сөздер», «Сандар құпиясы», «Ұяшықтар сөйлейді» әдістері қолданылды.
Сабақ барысында оқушыларды бағалау мақсатында әр дұрыс жауаптары үшін гүл беріп отырды. «Адасқан сөздер» әдісі арқылы оқушылар сөйлемнің дұрыс құрылуын анықтап, сан есімдерді ажырата алды. «Сандар құпиясы» әдісі арқылы сандар бойынша суреттер салып, сөйлем құрады. Сабақ соңында әр топ жинаған гүлдерін санайды. Ал сынып болып білімдерімен жинаған гүлдері мектебіміздің көркеюіне қосқан үлестері.
Автор: №5 ОМ