Ұранды ердің - ұрпағы қайсар
Дата: 2022-05-11 16:39:27
«Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол».
Бауыржан Момышұлы
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханасында 6 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ә.Шәймерден мен кітапхана меңгерушісі К.Махашова Отан Қорғаушылырдың 30жылдығы мен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Ұранды елдің –ұрпағы қайсар» атты 6 сынып оқушыларымен кітапханада мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Мәнерлеп оқу сайысына : Марат Аружан, Асқар Қымбат, Хайдар Жанель, Асылбекова Алина,Чекушкин Ярослав, Тлеуберді Жарқын,Дүйсен Әмина,Дидарқызы Дарина, Бағидолла Медина,Елубай Мадияр белсене қатысты. «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс»кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Әр сүйем жер үшін, ата - баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!