«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Дүниежүжілік кітап күні яғни 23 сәуірде бастауыш сыныптар аралығында «Үздік оқырман» байқауы өткізілді.
Дата: 2022-04-27 16:17:17
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханашысы К.Махашованың ұйымдастырумен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Дүниежүжілік кітап күні яғни 23 сәуірде бастауыш сыныптар аралығында «Үздік оқырман» байқауы өткізілді.
Кітап күніне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты: оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға қызықтыру, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру, жыл бойы оқыған кітаптары туралы ойлырын ортаға салу.
Көрнекілігі: кітап көрмесі «Ғажайып ертегілер әлемі», «Кітапты сүйіңдер!», слайдтар, оқырман кітапшасының макеті, кітап туралы нақыл сөздер.
Қазақ: «Ырыс ауысады, білім жұғысады», - дейді. Расында да білім біреуден-біреуге жұғысады. Осыны білетін халық: «Білмегенді білгеннен сұрағанның айыбы жоқ, сұрамасаң, білмейсің», - дейді. Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да – кітап. «Артық білім кітапта»деп Абай атамыз айтқандай басқалардан озық болудың,білімді жетілдірудің жалғыз жолы-ол кітап оқу арқылы алға қойған армандарға қол жеткізу.
Байқауға 2-4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері белсене қатысты. Ертегілер желісі бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді,атап айтатын болсақ. 3 А сыныбы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» мен «Байлық пен ақыл» ; 3 Ә сыныбы «Әжемнің ертегілері» желісі бойынша «Түлкі мен тырна» ; 4 А сынып оқушылар Ы.Алтынсариннің «Алма ағаштары»туралы көрініс көрсетсе 3 Б сынып оқушылары Е.Құлымбет пен Н. Ыбырай аталарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.