KITAP FEST
Дата: 2022-04-22 23:56:42
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханашысы К.Махашованың ұйымдастыруымен 21 сәуірде «Кітап фестивалі» 8-9 сыныптармен өткізілді.
Мақсаты — оқырман мәдениетін қалыптастыру, оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісу, балалардың кітапқа деген құмарын арттыру.
Кітап фестивалінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясы бойынша қатысушыларға қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Кітапхана алаңында «Ғажайып кітап әлемі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылармен «Ойларыңыз сәйкес келе ме?» деген ойын өткізілді. «Жыл кітабы – 2022» Ахмет Байтұрсыновқа арналған буклет қойылды. Сондай-ақ «Аймақ ақындар жырлайды» атты алаңда ақын-жазушыларымыздың Ж.Башар,А.Бөкен,Д.Мақаш,Н.Кәрім,Қ.Аманқұловтың шығармаларынан ой-бөлісті.
Оқырмандар өздерінің сүйікті кітабы жайлы айтып , өзгеге оқуға кеңес берді.
Жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушыылығын арттыра отырып, рухани байлығын, ой-өрісін дамытуға , отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту баршамызға ортақ. Сондықтан кітап оқудан жалықпайық!